10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Атыраудағы бүлік: әскери қызметкерлерді көлікпен қаққан

Мәселен мына видео 5 қаңтар күні Атырауда түсірілген. Онда бүлікшілердің облыс әкімдігі ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін ұрып-соғып жатқаны түсірілген. Полицейлерді бар күшімен бастарынан соғып, кейін аяқпен беттерінен тепкені анық көрініп тұр. Әскери қызметкерлерді көлікпен қағып, бір адамға он-ондап шабуыл жасаған сәттерді де әлдекімдер ұялы телефонына таспалап алған. Енді бұл кадрлар бүлікшілердің кінәсін дәлелдеп, оларға тиісті жаза тағайындау кезінде бұлтартпас дәлел ретінде қолданылады. Бүгінде қаланың екі тұрғыны ұсталды. Бүлікшілер жедел жәрдем автокөлігін тоқтатып, жарақат алған полиция қызметкерлерін тағы ұрып-соққан. Осы фактілер бойынша қаланың төрт тұрғыны қамауға алынды.

X