Президент: «Қаңтар қасіретіне қатысты халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз»
18 февраля 2022
Қаңтар қасіретіне қатысты халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Бәрі міндетті түрде айтылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық арнаға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Президент бұл төңкерісті халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп деп бағалады. Бұдан бөлек, «шаш ал десе бас алатындардың» әрекетінен хабардармын деген Қасым-Жомарт Тотқаев, кінәсіз азаматтардың құқы міндетті түрде қорғалатынын жеткізді. Президент күллі елдің көкейінде жүрген бірқатар мәселеге тоқталды. Әріптесім Айғаным Достанбай сабақтайды.