0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Сауда орындары тоналған

Біздің редакцияға «қаңтар оқиғасы» кезіндегі мародёрлардың іс-әрекетіне қатысты бейнежазбалар келіп түсіп жатыр. Соның бірінде Алматыдағы «Мобилка» сауда үйінің қалай тоналғаны жазылыпты. Ол жерде де бірнеше кәсіпкер зардап шегіп, миллиондаған теңге шығынға батқан. Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні бұзақылар негізінен қымбат смартфондар мен аксессуарларды алып кеткен. Видеодан дүкен сөрелерінің тас-талқаны шығып, қирап жатқанын, бос қораптарды көруге болады. Бүгінгі күні барлық сатушылар өтемақыларын алып, сауда нұктелерін қалпына келтірген. Әкімдікке 2 мыңнан астам бизнес иесі өтініш берген. Алайда олардың арасында әлі де саудасын жалғастыра алмай отырғандары бар.

X