10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

285 елдімекенді су басуы мүмкін

Еліміздегі жарты миллионға жуық жанның басына көктемде қауіп төнеді. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі осылай деді. Өйткені, 285 елдімекенді су басуы мүмкін екен. Салаға жауаптылардың статистикасы мен болжамын тыңдаған Үкімет басшысы су тасқынының салдарын жоюды әкімдіктер қолға алуы тиіс деді. Сондай — ақ премьер — министр журналистер алдында сөзінен шатасып, сұраққа тіке жауап бере алмайтын министрлер мен оның орынбасарларына қатаң ескерту жасады. Үкімет отырысын тыңдаған әріптесім Айғаным Достанбайға сөз берейін.

X