Ресейге салынған санкцияның салқыны бізге қалай әсер етеді?
1 марта 2022
Украинадағы жағдайға байланысты елімізде доллар бағамы тұрақсыз болып тұр. Күні кеше 500 теңгеден асып жығылған көк қағаз құны бүгін біршама түсті. Таңғы қор биржасының саудасында америкалық валюта 482 теңгеден саудаланған. Ал, еліміздің айырбас пункттерінде 487-495 теңге аралығында саудаланып жатыр. Осы жағдайға байланысты Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы жедел шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді. Бүкіләлемнің назарын аударған геосаяси жағдайға байланысты елімізде инфляция деңгейі қандай болмақ? Ресейге салынған санкцияның салқыны қалай әсер етеді? Әріптесім Қайыркен Отыншы толығырақ.