9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Жер үйдің аумағына жасырылған қару-жарақ қоры табылды

Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданындағы жер үйдің аумағына жасырылған қару-жарақ қорын тапты. Тергеушілер мәліметінше, үш күдікті қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонаған. Олардан үш ойық ұңғылы, үш тегіс ұңғылы мылтық, бір винтовка, аңшылық жарақтар мен оқ-дәрі тәркіленген. Ұсталғандар 5 тен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

X