Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
1 марта 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Қазақстан Президентінің айтуынша, бейбіт өмірсіз даму да болмайды. Сондықтан екі тарап өзара ымыраға келуі тиіс. «Бөлінбеушілік пен ортақ қауіпсіздік өзара түсінік пен сенімді қажет етеді. Өкінішке қарай, бұлай болмады. Миниск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді. Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті», — деді Мемлекет басшысы







