Балалар жылында балаларға жасалған қиянат
2 марта 2022
Балалар жылында балаларға жасалған қиянат. Осылай деп ашынған Алматы облысындағы ата-аналар мен шығармашылық орталық жетекшілері бас көтерді. Өйткені, оқушыларға арналған тегін үйірмелер жұмысын тоқтатпақ. Себебі, 1 наурыздан бастап, өңірде спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша тіркелген ұйымдарға ақш а бөлінбейді. Әкімдік қаржылай қиындыққа байланысты, жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді, — деп отыр. Ал, бұған орталық жетекшілері мен ата-аналар түбегейлі қарсылық білдіруде.







