Президент резиденциясы сүріледі

Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. Айта кетейін, бұл ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. Биыл ғимараттың қасбетін реконструкциялау жоспарланған болатын.

X