Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті
3 марта 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Украина Президентінің бастамасымен өткен тілдесуде тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Екеуара әңгімеде қандай мәселе талқыланғанын Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттер» желісіндегі парақшасында да жазды.