Жүздеген жан жұмыссыз қалмақ
4 марта 2022
Жүргізуші: Жүзге жуық жан жұмыссыз қалуы мүмкін. Алматы облысындағы кеңестік кезеңнен теміржол саласын қиыршық таспен қамтамасыз етіп келген өндіріс орны жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Бұған тапсырыстың аздығы ықпал еткен. Егер екі қолға бір күрек іздегендер жұмыс қамымен үдере көшсе, Кербұлақ ауданындағы Малайсары ауылы жойылып кетуі мүмкін. Себебі, 300-дей тұрғынның күні бір зауытқа қарап тұр. Жұмысшылардың жанайқайын өңірдегі тілшіміз Думан Алтынбекұлы тыңдап келді.