Украина мен Ресей келіссөздерінің екінші раунды аяқталды.
4 марта 2022
Украинаның Запорожье атом электр стансасы отқа оранды. Бұл – Еуропадағы ең ірі АЭС. Ашық ақпарат көздерінде, Ресей әскері энергоблокты снарядпен атқылаған. Қызыл жалынмен алысу құтқарушыларға оңайға түскен жоқ. Десе де, өрт ауыздықталды. Сарапшылардың пайымынша, аталмыш станция жарылатын болса, Чернобыльден он есе жойқын зардап әкеледі. Ал Беларусьте өткен Ресей мен Украина арасында келіссөздің екінші раунды қалай аяқталды? Әріптесіп Айғаным Достанбай баяндайды.