Әкімдерге тықыр таянды

Әкімдерге тықыр таянды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы басшылардың қызметіне қатысты жаңа жарлыққа қол қойды. Енді әкімдер бұрынғыдай жаттанды форматта жиындар өткізіп, бюджеттік мемкеме қызметкерлерін, ардагерлерді жинап алып, халықпен кездестім деген жалған есеп беріп, ешкімді алдай алмайды. Ала шапқын жиналыстармен шапқылап жүретін атқа мінерлер қандай тығыз жұмыс кестесі болса да, жыл бойы жергілікті тұрғындармен кездесуге міндетті. Мемлекет басшысы қол қойған жаңа құжатта тағы қандай тапсырмалар бар? Отандық сарапшылардың пікірі қандай? Динара Жарқынбек баяндайды.

X