3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Ақтаулық ұшқыш ару

Жауапты жұмыстағы жалғыз ару! Ақтау әуежайында кіл ердің арасында жалғыз нәзік жан қызмет атқарады. Бұрымды — кей жігіттің қолынан келе бермейтін міндетті абыроймен орындап жүр. Жас маман жолаушы ұшақтарының сыртқы ақауын тексеріп, жанармаймен қамтамасыз ету жүйесін бақылайды екен. Сондай — ақ өзінен жүз есе үлкен әуе көліктерін арнайы тұраққа бағыттап, өзге де жұмыстарды тап — тұйнақтай етеді. Бұл қызметті ақтаулық ару бала кезінен армандапты.

X