Қаңтар қасіреті кезінде алматыда қылмыс жасаған 41 айыпталушыға сот үкімі шықты
9 марта 2022
Қаңтар қасіреті кезінде Алматыда қылмыс жасаған 41 айыпталушыға сот үкімі шықты. Тағы 41 іс қазылардың өндірісінде. Жаза арқалағандар негізінен дүкендер мен автокөліктерді тонаған. Арасында ұсақ ұрлық жасағандар көп. Мысалы сотталғанның бірі жанармай бекетінің тоналып жатқанын көріп, 10 литр авткөлік майын жамқырып кетіпті. Оған сот 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге үкім шығарды. Жалпы, 41 айыпталушының біреуі де түрмеге тоғытылған жоқ. Сот олардың өкінгенін ескеріп, жеңіл жазадан тағайындаған.