Сәуірден бастап елдегі кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылуға мәжбүр
9 марта 2022
Көктемнің алғашқы аптасы киномандар үшін жағымсыз жаңалықтан басталды. Сырттағы геосаяси жағдайлардың салдарынан бірқатар голивудтық компаниялар көрші елмен келісімшарттарын үзіп жатыр. Салқыны біздің елден де айналып өтпеді. Мереке қарсаңында кинопарк желілерінің басшысы бір айдан соң жабылатындарын жеткізді. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.