10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Қаңтар қасіретінде бүлінген президент резиденциясын қалпына келтіру тиімсіз

Алматыдағы Президенттің резиденциясын қалпына келтіру тиімсіз. Өйткені оған кететін қаржыға жаңа ғимарат тұрғызуға болады. Қаңтар оқиғасы кезінде аталған нысанға орасан залал келіпті. Атап айтқанда шатырын ұстап тұратын қалың металдан жасалған белдеулер қатты қызудан балқып, майсып кеткен. Тіпті бетон плиталарға дейін жарылып, жарамсыз күйге жеткен. Мамандардың сараптама қортындысынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев резиденцияны сүріп, орнына саябақ салу туралы шешім қабылдаған болатын. Мамандар 23 мың шаршы метр аумақты алып жатқан алып ғимаратты бұзуға кем дегенде жарты жыл кетеді деп отыр. Айта кетейік бұл ғимарат Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен 1983 жылы Ленин атындағы музей ретінде құрылысы басталған. Тәуелсіздік алғаннан кейін оны резиденцияға айналдырып, құрылысы 1995 жылы аяқталған.

X