Мал қоқыс жеп, кәріз суын ішіп жүр
18 мая 2023
Жайылымға жайылған малдарымыз арам қатып жатыр! Осылай деген жамбылдық шаруалар дабыл қақты. Айтуларынша, төрт түліктің жегені қоқыс, ішкені нәжіс суы. Шөбі шүйгін деген аумақтың бәрі жекеге өтіп кетіпті. Шыдамымыз таусылды деген шопандардың шағымына жергілік билік қандай жауап қатты?







