«Балаларымызды ұмытты!»
19 мая 2023
Ақтөбенің спорт басқармасындағылар ұмытшақ болып кеткен бе? Бір баланың өмірін жалмап, екі жеткіншекті мүгедек еткен жол апатына 4 ай өтсе де, спортшы ұлдардың жағдайы ұмыт бола бастады. Осылай деп ашынған аналары арнамыздан көмек сұрады. Қайғылы жай кезінде қолдау білдіремін деген спортқа жауапты атқамінерлер неге үн-түнсіз жүр?