Әуе билеттері неге қымбат?
30 мая 2023
Біз Америкадан, тіпті Еуропадан асып түстік! Бір технология, я болмаса тұрмыс сапасы жағынан деп ойлап қалмаңыздар. Сол баяғы қымбатшылық бойынша ғой. Еліміздегі ұшақ билетінің кәрі құрлықпен, құрама штаттармен салыстырғанда екі есе қымбат. Мұны Үкімет басшысының өзі айтып отыр. Сөйте тұра рейстер сағаттап кешігеді, қызмет сапасын көріп жүрсіздер. Бүгін өзі Үкіметтен бастап жер-жерде азаматтық авиацияға шүйлігетін күн ғой деймін.