КЕНШІЛЕР ӘУЛЕТІ
23 августа 2024
Маңдайына шамын тағып, басына каскасын киіп, өмірінің жартысын жер астында өткізетін кеншілер күні жақындады. Олар тамыз айының соңғы жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтеді. Қара алтын ордасы атанған Қарағандыдан талай мықты шыққан. Қазіргі таңда «Абай» шахтасында бүтін бір әулеттің мүшелері жұмыс істейді екен.







