ҚАНДАЙ КӨКӨНІС ЖЕП ЖҮРМІЗ?
13 декабря 2024
Ақтөбенің халқы қандай картоп жеп жүр? Бұған дейін шаһар тұрғындары тұрақтандыру қорындағы көкөністің сапасына біраз сын айтқан еді. Әсіресе, қоймадан шығып, дүкен сөресіне жеткенше шіріп кететін өнімге қатысты шағымдар да аз болмады. Бүгін жауаптылар журналистерді қоймаға ертіп барып, шаруа қожалықтарынан биыл сатып алған көкөністің сапасын көрсетті.