ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
16 декабря 2024
Қарап тұрсаң, 33 жыл – бір буын алмасатын уақыт. Заманауи үрдіспен, жаңа технологиялар көшімен құндылықтардың өзгергені ақиқат. Дегенмен, өзгермейтін жалғыз құндылық бар, ол – тәуелсіздік! Соның арқасында дербес ел болып, еңсемізді тіктедік. Ел аумағын айқындап, шекарамызды шегендедік. Алтын арқауы үзіліп қала жаздаған елдік дәстүрді қайта жалғап, оны да берік орнықтырып алдық. Әр сала өз сүрлеуіне түсті. Басымдық берілген бағыттардың бірі білім беру саласы. Өйткені білім мен ғылымның қадіріне жеткен жас ұрпақ тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі болары айдан анық.