АСТАНАҒА КӨШУ ШЕКТЕЛМЕК
5 марта 2025
Астанаға көшіп келушілердің саны шектелуі мүмкін. Ол қаладағы «резеңке» пәтерлерді болдырмау арқылы жүзеге аспақ. Бүгін мәжілісте осындай жаңа заң нормасы талқыланды.Оған сәйкес, келешекте бір баспанаға бәленбай адам жөн-жосықсыз тіркеле алмайды. Әрбір шаршы метрге қарай талап қойылмақ. Сондай-ақ, отырыста жалғыз елорда емес, еліміздің бірнеше қаласына қатысты өзгерістер де сөз болды.