ЖІГІТ ДЕГЕН ЖЫЛАЙ МА?!
9 апреля 2025
Жыламаған балаға емшек жоқ болса, жыламаған еркекке жан тыныштығы жоқ екен. Көз жасын көрсетпейтін азаматтар күндердің күнінде жамандыққа жолығады деп қорқытып қойды мамандар. Эмоциясын шығармай, іштен тыну, тіпті, өзіне өзі қол салуға дейін жеткізеді-міс. О, заман да, бұ заман, жігіт деген жылай ма?!