ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
14 апреля 2025
Еліміздің газ потенциалын арттыру – энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады. Елдімекендерді газдандырудан бөлек, жаңа көздерді ашу, өндірісті дамыту – газ саласының жаңа бағыты болмақ. Бұл туралы Астанада өткен Енерджи Трендс конференциясында айтылды. Ал келесі жылдан бастап, Қазақстанда көгілдір отынның барлық мәселесін көтеріп, түрлі ұсыныстар айтылатын жаңа алаң – Астана газ форумы жұмыс істейтін болды.







