БІЗДІ ЖАТСЫНБАДЫ!
1 мая 2025
«Бізді жатсынбай, жақынындай көрді». Бүгінгі бірліктің мерекесінде түрлі ұлт пен ұлыстың аузынан естіген сөз осы болды. Бауырына басқан қазақ жұртына өзге ұлт өкілдері алғысын айтты. Сіңісіп кеткендері сондай, тіпті, өз ұлтының дәстүрі мен тұрмыс — тіршілігінен қазақтың салтына ұқсас тұстарын іздейтіндері де бар.







