БАСТЫ КҮДІКТІ ПЫШАҚ СҰҚҚАНЫН МОЙЫНДАДЫ
21 мая 2025
Шерзат Болаттың ісіндегі басты күдіктінің түрін көрсетті. Сол қанды кеште қолында пышағы болған Абзал Шынасыл деген азамат екен. Оның адвокатының айтуынша, бүкіл ел алдына бет-жүзін ашып шығуға өзі де қарсы болмапты. Бір қызығы, бір топ жігіт ұрып өлтірсе де, Шерзаттың өліміне кінәлі деген күдікті осы жалғыз өзі. Бірақ, қазылар қойған сұрақтарға жауап берген Абзал Шынасыл біз білмейтін біраз дүниені жайып салды.







