БІРЕУ НЕСИЕ ТӨЛЕМЕЙДІ, ӨЗГЕЛЕРДІҢ МҮЛКІ БҰҒАТТАЛАДЫ
27 мая 2025
Ақтөбеде шаруалар шу шығарды. Бірнеше жыл бұрын мал басын көбейтемін деп несие серіктестігінен миллиондап ақша алыпты. Ол қарызды әлі өтеп жатқандар да, мерзімінен бұрын төлеп тастағандар да бар. Бірақ, өткен жылдың соңында соттан қағаздар келіп, шаруалар әбден шошыпты. Сөйтсе, серіктестіктің өзге мүшелері алған қарыздарын уақытылы қайтара алмағандықтан, жауапкершілік ұйымның барлық мүшесіне қақ бөлінген. Соның салқыны бізге тиді деген жандар жыларман күйде жүр.







