ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
10 июня 2025
Техникалық қауіпсіздіктің жоқтығының кесірінен талай жан жұмыс орнында көз жұмған. Былтыр елімізде мұндай жайттан опат болғандар саны екі жүзден асыпты. Кейбір өндіріс ошақтарында қайғылы жайт жылда қайталанатын сценарий. Енді мұндай оқиғалар азаюы мүмкін. Себебі Үкімет кәсіпорын басшыларына жазаны күшейтпек.