Ләззат Танысбай бұған дейін еліміздің ең ірі мемлекеттік медиакомпаниясы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын басқарған.
Журналистика мен медиаменеджмент саласында 30 жылдан астам астам тәжірибесі бар. Әр жылдары «Astana TV» телеарнасына, «Нұр-Медиа» медиахолдингіне жетекшілік етті.
Ұзақ жылғы кәсіби қызметінде Ләззат Танысбай отандық медиасаладағы бірқатар реформалардың жүзеге асуына бастамашы болды. Оның жетекшілігімен мәдени-ағарту бағытындағы «Abai TV» телеарнасы мен балаларға арналған «Balapan» арнасы ашылды. Сондай-ақ, телевизиялық контентті цифрлық кеңістікке бейімдеу бағытында веб-телеарналар мен онлайн-платформалар іске қосылды.