АҚОРДАҒА ПАРАЛИМПИАДА КОМИТЕТІНЕН ҚОНАҚТАР КЕЛДІ
19 августа 2025
Елімізде паралимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Жерлестеріміз дүбірлі додаларда топ жарып, жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бұл туралы бүгін Ақордаға арнайы келген Халықаралық және Азия паралимпиада комитеттерінің басшылары мәлімдеді. Олар еліміздегі осы бір спорт саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанына риза болып, Президентімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл саланың маңыздылығын тілге тиек етіп, алдағы уақытта әлі де бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді. Кездесу соңында мемлекет басшысы Эндрю Парсонс пен Маджид Рашедті паралимпиадалық қозғалысқа елеулі үлес қосқаны үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.







