АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
1 сентября 2025
Президент Жолдауында жүктелген міндеттер Маңғыстау өңірінде жүйелі түрде орындалып келеді. Соның айқын дәлелі – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы. Мұнда жаңа өндіріс орындары ашылып, мыңдаған тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда аймақтың аумағы екі жарым есеге кеңейіп отыр.







