ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ
1 сентября 2025
Бүгін біраз шенеунік мектепке барды. Арасында минстрі де, облыс әкімі де, басқарма басшылары да бар. Атқамінерлер бүлдіршіндермен тілдескен боп, білім ордасына қадам басқан балақайлардың арқасынан қағып, сәттілік тілеп жүр. Онысын жанындағылар әлеуметтік желіге жүктеп, ел-жұртқа паш етті. Биыл 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш аттапты. Ал, білім ошақтарының жағдайы, дайындығы қалай екен?







