АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕГІ АЛҚАЛЫ БАСҚОСУ
1 сентября 2025
Біріккен ұлттар ұйымын реформалайтын уақыт жетті. Әсіресе, оның қауіпсіздік кеңесіне баса мән берген жөн. Қытайға сапары барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көшбасшылары алдында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда қолға алынуы тиіс батыл ұсыныстарын айтты. Қазақстан ШЫҰ даму банкін құру жөніндегі бастамасын да қолдайды. Жоба бірлестікке мүше мемлекеттердің инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығын нығайта түспек.







