ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ

Елімізде жасанды интеллект министрлігі құрылады. Бүгін халыққа дәстүрлі жолдау жариялаған Президентіміз осындай пәрмен берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел атануы тиіс деген міндет қойды. Сондай-ақ, республикамызда бұрын-соңды болмаған ғажайып қала пайда болмақ. Онда тұрғындар криптовалютамен төлем жасай алады, — дейді.

X