СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ НЕГЕ ТҰРАЛАП ҚАЛДЫ?

Астанадағы ақшаның аздығы алыстағы ауылдарға әсер етіп жатыр. Бюджет жетіспеушілігіне байланысты Жамбылда салынып басталған спорт кешені тоқтап қалды. Көктемде ғана алаулатып-жалаулатып қазығы қағылған құрылыста қазір тірі жан жоқ. Ал, олимпиадаға баруды армандаған жеткіншектер жаттығуға бозкілем іздеп, ауданда сабылып жүр.

X