ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ ҚЫЗ ҚАРАТА АЛМАЙ МА?
19 сентября 2025
Қыздың шыңғырған дауысынан шошып кеттік. Алматыда ескі дәстүрдің құрбаны бола жаздаған жап-жас қызды көршілері құтқарып қалды. Ер адам сүйген қызын алып қашпақшы болып, қасына достарын ертіп келген екен. Алайда қызды тура күштеп көлікке салып жатқан жерінен бір топ тұрғын келе қалған. Енді ескіше үйленгісі келген жігітке не болады? Осы апта некеге мәжбүрлеуге қарсы заң күшіне енді.







