ЕЛІМІЗДЕ ЕКІ АЭС САЛЫНАДЫ
1 октября 2025
АЭС-ке қарқ болатын түріміз бар. Алматы облысының аумағына бір емес, екі атом электр станциясы салынбақ. Екеуінің де Балқаш көлінің маңынан қазығы қағылмақ. Сондай-ақ, алып нысандарды шикізатпен өзіміз қамтамасыз етуге бел байлаймыз. Сондықтан алдағы уақытта елімізде уран қоры жасақталады. Сосын жаңадан табылған пайдалы қазба кендерін де түртпей, сақтап қоямыз.