ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАДЫ
13 октября 2025
Теріскейдегі жұрт түн түгілі, күндіздің өзінде көшеде алаңсыз жүруден қалған. Жан-жағына жалтақтап, әр дыбыстан қорқақтайды. Өйткені қаңғыбас иттер ауыл тұрғындарына бас салып, тыныштық бермейді екен. Ол аздай, төрт аяқтылар мал мен құсты да жайпап жатқан көрінеді.







