АУАДА ҚАЛҚЫП ТҰРҒАН АУЫЛ…
4 ноября 2025
Алматы облысында «жібек жолы» пайда болды. Таспен қашап, ағаш төселген арқан көпірін де іліп қойған. Гиннес кітабына ену үшін емес, тіршілігі қайнаған ауылдың арғы бетіне өту үшін өздері қолдан жасап алған. Көктемде өзен толса, суды кешеді, батпақта резеңке етік киеді. Қыста оп оңай құздан сырғанап түседі. Айтсаң елге ұятты, айтпасаң, азапты өмірді 4 мың адам тартып келеді.







