ПЫШАҚТАН ҚИЫЛҒАН ҒҰМЫР
4 ноября 2025
Түркістан облысындағы тағы да бір сұмдық жағдай. Төле би ауданында 19 жастағы жігіт жүрек тұсына сұғылған пышақтан көз жұмды. Ал, оны өлтірген көрші ауылдың бозбаласы онысымен қоймай марқұмның ағасын да суық қарумен жаақат салыпты. Қайта жәбірленушіге дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалды. Әйтпеген жағдайда бір отбасы екі ұлынан айырылуы мүмкін еді.







