КІМДЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРІЛЕДІ?
5 ноября 2025
Қазақстанда 8, 5 миллион адамның несиесі бар. Олар бас аяғы 23 триллион теңге қарызға батқан. Көбі кредитті үйге техника алудан бастап, көлік пен ипотека үшін рәсімдеген. Алайда сол қарызды алуын алып, оны өтей алмай әлек болып жүрген саны да көп. Бұған банктердің жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі себеп. Бүгін Мәжілісте осы мәселе қаралып, депутаттар біраз сауал жолдады.Енді ипотека мен ақшалай несие кімдерге берілмейді? Жауаптылар қарыз мәселесін қалай шешеді?







