ЖАСТАР ПРЕЗИДЕНТПЕН ПРАНК ТҮСІРІП ЖҮР
14 ноября 2025
Үйіңізге ойламаған жерден Президент кіріп келсе не істейсіз? Соңғы уақытта мемлекет басшылары кез-келген үйге немесе кеңсеге қонаққа баратын болды. Қалай дейсіз ғой? Жасанды интеллекттің көмегімен. Пранкер жастар осылайша бастықтарын, үйдегі ұл-қыздар ата-аналарын алдап, әзілдесіп жүр. Тіпті, пәтерге кіріп алған бейтаныс біреудің жалған фотосын жіберіп, үлкендердің зәресін алатыны тағы бар.







