ҚАУІПТІ ЖОЛ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА
14 ноября 2025
Жыл басынан бері 30 мыңға жуық жол апаты болып, 2 мың адам ажал құшты. Сұмдық статистиканы бүгін өткен брифингте Әкімшілік полиция комитеті келтірді. Ал, жуырда ғана Ақтөбе жақтағы он екі адам опат болған тас жолда бақылау күшейіпті. Сақшылар Самара-Шымкент тас жолымен кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып жатыр. Жүргізушілермен жүргізілген әңгімеден бірдеңе өзгере ме? Мұндай бақылау қашанға дейін жалғасады?





