АҚЫЛҒА СЫЙМАЙТЫН АҚЫЛЫ ОҚУ
5 декабря 2025
Шымкентте шәкірттерге тегін білім беріп келген мектепте аяқ-асты ереже өзгеріп кетіпті. Мекеме басшылығы ата-аналарға қаңтардан бастап қызмет үшін ақша талап ететінін мәлімдепті. Өзгеріс ұнамаса, есік ашық, ұл-қыздарыңызды басқа жаққа ауыстырыңыздар, — деген көрінеді. Оқу жылының ортасында қиын жағдайға қалғанын айтып, ашынған тұрғындар арнамыздан көмек сұрады.







