ТРАМП УКРАИНАҒА ТАЛАП ҚОЙДЫ

Дау болған Донбасс, бермесе, оңбас, беруге де болмас. Зеленский тығырыққа тіреліп, тұмсығы тасқа тиді. АҚШ президенті одан таяу арада шешім шығаруды талап етуде. Құрметті қонаққа жамбас тартқандай, құдайы көршіңе Донбассты тарт деп отыр. Әйтпесе, «басыңа әңгір таяқ ойнатамыз» дегендей қылды. Билікке алғаш келгенде Киевтің сөзін сөйлеп жүрген Трамп беті күйместен өз уәдесін қалайша су аяғы құрдымға жіберді?

X