ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ТАРИФЫ 20 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
10 декабря 2025
Біздегі ұялы байланыс саласын ұялмайтындар басқара ма? Жаңа жылдан бастап тариф бағасы тағы 20 пайызға өседі. Еліміздегі ең ірі үш компания ауыз жаласып, халықтың қалтасына қырғидай тиіп жатыр. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан осылай деп ашынды. Әйтпесе, неге бәрі бір күнде бағаны көтереді?







