«МОРОЗКО»
Жұма
08:20
Ертеде Настя есімді мейірімді қыз болыпты. Зұлым өгей шешесі оны бел жаздырмастан, жұмысқа жегіп қояды. Бірде ол өгей қызынан құтылмақшы болып, оны үсіп өлсін деп қыстың күні орманға жібереді. Сол өңірде Иван есімді жігіт өмір сүреді. Ол Настенькаға ғашық болып қалады. Тек мақтаншақ еді, осынысы үшін орман сиқыршысы оны аюға айналдырып жібереді. Тағдырларын байланыстыру үшін қыз да, жігіт те көптеген сынақтардан өтуге мәжбүр болады. Және оларға сиқыршы, қайырымды Морозко атай көмектеседі.
Шығарылған жылы: 1964
Шығарушы ел: КСРО
Режиссер: Александр Роу







