19:00 Тікелей эфир «KÖREMIZ» бағдарламасы
20:00 Эфирде әрі қарай «ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ»

ЛЕНИНГРАД

Шығарылған жылы: 2007

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Александр Буравский

1941 жылдың қарашасы. Ленинград немістердің қоршауында. Ескерткіштер мен ғибадатханалардың күмбездері камуфляжды тормен қапталған, қираған ғимараттар, қаңтарылған трамвайлар. Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету тоқтап тұр. Бір топ шетелдік журналистер, оның ішінде лондондық газеттің әскери тілшісі, Кейт Дэвис есімді жас әйел бүкіл әлемге ленинградтықтардың батылдығы туралы айтып беру үшін арнайы келеді. Журналистер мен оларды алып жүретін адамдар арнайы бөлінген автобуспен қаланы аралауда. Бір кезде оларды жақында фашистермен болған ұрыстың іздері сайрап жатқан Петергов тасжолына әкеледі. Кейт барлығын суретке түсіруге тырысып жатыр. Осы кезде күтпеген жерден көкте екі атқыш пайда болды. Барлық журналистер автобуста, ал Кейт барлығын ұмытып, суретке түсіріп жүр. Жарылыс орын алып, автобустың күлі көкке ұшады. Есін жиған Кейт айналасында тірі жанның жоғын түсінеді.

X